туриада

Куйбышев бастауыш мектебінде оқушылармен сынып жетекшілер  мен мектеп әкімшілігі туриадаға шықты.

Туриадада өткізілген бағдарламалар.

1. Топтың ән ұраны

2, Дастархан мәзірі. (топпен достық, бірлік, табиғат тақырыбына ән айту сайысы)

Спорттық іс-шаралар

1. Футбол

2. Пионербол

3. Көңілді сөре

4. Арқан тарту

Туриада мақсаты:

1.жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың тиімді құралы ретінде оқушылармен туристік-өлкетану жұмысын дамыту;

2. денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, табиғи жағдайда өмір сүру әдістері мен дағдыларын қалыптастыру үшін мектеп туризмін пайдалану;

3. Төтенше жағдайлар туындаған кезде оқушыларды өз бетінше іс-қимыл жасауға дайындау.

Туризм-жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың тиімді құралы.

Туризм-денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын ұстануға тамаша уақыт. Туризм-жас туристердің спорттық шеберлігін арттырудың тәсілі.

Оқушыларға туриада өте қатты ұнады.

Қосымша ақпарат көздері